«СемАЗ» зауыты: Кәсіпорынның мақсаты – Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамыту.

 

«СемАЗ» зауытының серіктестері әлемдегі жетекші концерндер болып табылады: «Минск трактор зауыты», «УралАЗ», «ГАЗ», «SHACMAN», «HINO» және «DONGFENG».

 

ЗАУЫТ ТАРИХЫ

 

«СЕМАЗ» ЖШС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРДЫ ӨНДІРУШІ.

Семей қаласындағы «СемАЗ» автомобиль құрастыру зауыты 2006 жылы 23 ақпанда құрылған және «Вираж» компаниялар тобының құрамына кіреді.

2007 жылы Кореяның Daewoo Bus Global Corporation компаниясына арналған автобустардың шығару бірлескен өндірісі ашылды.

Зауыт қызметіндегі маңызды сәт заманауи жоғары технологиялық өндіріс ретінде «BELARUS» тракторларының үш үлгісін құрастыруды әзірлеу және іске қосу болды. Атап айтқанда, «BELARUS 80.1», «BELARUS 82.1» және «BELARUS 1221.2».

Айта кету керек, бұл нақты техниканы таңдау кездейсоқ емес, өйткені сенімділігі, қарапайымдылығы, сондай-ақ кең функционалдығы арқасында бұл тракторлар ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар коммуналдық секторда да танымал болды. Олар әртүрлі ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізумен қатар, көшелерді, жолдарды және тротуарларды тазалауға, сусымалы топырақты жоспарлауға және онымен траншеялар мен шұңқырларды толтыруға ыңғайлы.

2013 жылы жүк көтергіштігі 25 тоннаға дейін жететін SHACMAN жүк автосамосвалдарын құрастыру жобасы іске қосылды. Бұл ауыр самосвалдардың негізгі сатып алушылары – республиканың көлік және құрылыс ұйымдары.

Сондай-ақ 2013-2014 жылдары зауыт «Урал» жол талғамайтын жүк көліктерін құрастыруды игерді. Сатып алушылар - Қазақстан Республикасы Шекара қызметі мен Республикалық ұланның әскери бөлімдері, сондай-ақ Қазақстандағы мұнай және тау-кен өндіруші компаниялар. «СемАЗ» көліктерінің еліміздің тәуелсіздігінің күзетінде тұруының өзі зауыт өнімдерінің мінсіз сапасы мен сенімділігін тағы бір мәрте айғақтайды.

2018 жыл қытайлық серіктестің (ҚХР) лицензиясы бойынша «DONGFENG» автобустарын құрастырудың дамуымен есте қалды.

Заман ағымына ілесе отырып және ішкі нарықтың орташа салмақты көліктерге сұранысын ескере отырып, келесі 2019 жылдың өзінде СемАЗ  «ГАЗ» көліктерінің 30-ға жуық модификациясын өндіріске енгізді.

2021 жылы қытайлық серіктестің (ҚХР) лицензиясы бойынша «DONGFENG» брендінің ассортименті кеңейтілді. Мониторинг көрсеткендей, жүк көтерімділігі 7-10 тонна болатын автокөлік шағын және орта бизнес өкілдерінің сұранысына ие. Бұл жүк көлігі ресейлік әріптестерімен салыстырғанда баға мен сапа жағынан ерекшеленеді.

Екі жыл бұрын «СемАЗ» ЖШС зауыты жапондық «HINO» маркалы жеңіл жүк көліктерін құрастыра бастады. Сол жылы олар «ZHONGTONG» маркалы қалалық автобустардың SKD құрастыруын игерді, 2022 жылы Қазақстанның маршруттық желілерінде жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын бастады. 

Барлығы «СемАЗ» ЖШС-нің автокөлік құрастыру зауыты қызмет ету кезеңінде «BELARUS» маркалы 9 трактор үлгісін, сондай-ақ «SHACMAN» жүк көлігінің 2 үлгісін шығаруды игерді. Сонымен қатар, «DONGFENG» маркалы автобустардың 7 моделі және жүк көлігінің 2 моделі, «Урал» маркалы жол талғамайтын және арнайы мақсаттағы көліктердің 30 үлгісі және «ГАЗ» маркалы жеңіл және орташа жүк көліктерінің 35 моделі және «HINO» маркасының 4 моделі шығарылды.

2022 жылы «JINMA» маркалы трактордың және «DONGFENG» маркалы астық тасушының жаңа үлгісін шығару игерілді.

Зауыттың өндірістік қуатында, бүгінгі таңда, мыналар шығарылады:

  • «ГАЗ» және «HINO» маркалы шағын тоннажды автомобильдер;
  • «BELARUS» маркалы трактор;
  • «SHACMAN» және «DONGFENG» жүк көліктері;
  • «ZHONGTONG» және «DONGFENG» қалалық автобустары;
  • «Урал» маркалы жол талғамайтын және арнайы мақсаттағы көліктер.

Екі ауысымда жұмыс істейтін зауыттың өндірістік қуаты:

  • «BELARUS» тракторларының өндірісі – 3500 дана;
  • Жүк көліктерінің өндірісі -10 000 дана;
  • Автобустар шығару – 1200 дана.

Өндіріс бірнеше цехтар мен бөлімдерден тұрады:

  • №1 цех – тракторларды құрастыру желісі, және автобустың кузовын құрастыру-дәнекерлеу желісі;
  • №2 цех – орташа және үлкен сыйымдылықтағы жүк көліктерін құрастыру, жүк көліктерінің кабиналарын құрастыру, автобустарды құрастыру;
  • №3 цех – жеңіл жүк көліктері мен автобус шассилерін құрастыру желісі;
  • №4 цех – кабиналарды құрастыру-дәнекерлеу және жүк автомобильдерінің рамаларын тойтару учаскесі және механикалық өңдеуге арналған секция;
  • №5 цех – жүк көлігінің кабиналары мен автобус шанақтарын бояу бөлімі;

Барлық өндірістік желілер кабиналар мен шанақтарды, көтергіштерді, еңкіштерді және пневматикалық құралдарды құрастыруға және дәнекерлеуге арналған өткізгіштер мен арматуралармен, сондай-ақ кесу, майыстыру және өңдеуге арналған жабдықтармен жабдықталған.

 

САПАНЫ БАҚЫЛАУ

 

Өндірілген өнім сертификатталған және сапа менеджменті жүйесі енгізілген, СТ РК ISO 9001-2016.

«СемАЗ» зауытының негізгі басымдығы барлық қолданыстағы стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы өнім шығару болып табылады. Сондықтан зауыт көптеген республикалық байқаулар мен көрмелердің лауреаты болып табылады, бұл өз кезегінде көптеген сертификаттармен, дипломдармен және медальдармен расталады.

 

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР

 

Компания мемлекеттік сатып алуларға белсене қатысады және өзін жақсы және жауапты серіктес ретінде көрсетті, осылайша Қазақстан Республикасының Сенімді тауар өндірушілерінің тізілімінде өз орнын қамтамасыз етті.

Зауыттың тұрақты серіктестері қатарында: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазавтодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

 

ЛИЗИНГ ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында зауыт шығарған автокөлік және ауыл шаруашылығы техникалары «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Халық-Лизинг» АҚ және «Нұр Лизинг» ЖШС арқылы жеңілдетілген қаржыландыру арқылы сатылуда.

 

МАРАПАТТАР

 

  • 2018 жылы «СемАЗ» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» - «AЛТЫН САПА» республикалық байқау-көрмесі, сондай-ақ «ПАРЫЗ-2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының, ҰКП арнайы сыйлығының иегері атанды. ҚР «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлік қызмет саласындағы «ІСКЕР», сонымен қатар «СемАз»  кәсіпорны «Ұлы Дала Елі» қолшатыр брендін пайдалануға құқылы.
  • Сондай-ақ «СемАЗ» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» атағына ие болды.
  • Компания басшылығы «СемАЗ» зауытының «АЛТЫН САПА» байқауына қатысуы оның қазақстандық нарықтағы танылуын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді.

 

ҰЖЫМ

 

Қазір кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді, алдағы уақытта жұмыс орындарын көбейту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның еңбек қызметі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айтарлықтай үлес қосып отыр, бірақ сонымен бірге, зауыт ұжымы бүкіл саланы дамыту игілігі үшін әлі де көп нәрсе істеу керек екенін түсінеді.

«СемАЗ» қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін ескере отырып, қайырымдылық пен игі істермен үнемі айналысады. Зауыт соғыс ардагерлеріне, Қызыл Жарты ай қоғамына қолдау көрсетіп, демеушілік көрсетілетін балабақшалар мен мектептерге көмек көрсетуді қадағалап, ұйымдастырып, республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысады.

Бүгінгі таңда «СемАЗ» зауытының ұжымы сапалы, бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық және коммерциялық құрал-жабдықтар шығару арқылы өзінің жоғары кәсіби біліктілігін дәлелдеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда.

 

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+
Написать в WhatsApp